Мұғалімдер шығармашылығы » Бәйтерек орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Бәйтерек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
март
2017

Мұғалімдер шығармашылығы

2016-2017 оқу жылындағы «Бәйтерек орта мектебі»

 коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ

 

Оқытушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, білім денгейін көтеру, мектеп жұмыстарының барлық жүйесін тұтастандырудағы маңызды құрал - оқу- әдістемелік жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуы болып табылады.
 Әдістемелік жұмыстың рөлі қазіргі жағдайдағы оқытудың жеке әдіс-тәсіл, формаларын тиімді шұғыл қолдана білу қажеттілігімен, яғни білім беру міндеттерін шешудегі жинақталған тәжірибеден туындап, күн сайын арта түсуде.
 Біздің мектептің әдістемелік жұмыстардың ұйымдастырылу үрдісін төмендегі жоспар арқылы анықталады:

Кеңесте қаралатын мәселелер тақырыбы

1

1.  2016-2017 оқу жылына арналған әдістемелік жұмыстың жоспарын  талдау, бекіту

2 Әдістемелік кеңес мүшелерін сайлау

3. Ә/Б жетекшілерінің жоспарын бекіту

4. 2016-2017  оқу жылындағы нұсқау хатпен таныстыру

5. Үштілді білім беру арқылы құзыретті тұлғаны қалыптастыру /баяндама/

6. Коучинг кестесін бекіту 

2

1.Жаңартылған оқыту бағдарламаға көшу әдіс тәсілдері /баяндама/

2. Өребәйге ережесімен таныстыру

3. Дарынды балаларды анықтауда педагогикалық ұжым қызметінің жүйесі  

4. 1- тоқсанның  қорытындысы бойынша бақылау жұмыстарының  анықтамасы

3

1. ӘЖ  І- жарты жылдық бойынша есебі

2 ӘБ/Ж  өребәйге қорытындысы  бойынша  есебі

3. ОЖСБ  нұсқау, ережесімен  таныстыру

4. Бастауыш сыныптарда жазба жұмысына қойылатын талаптар.  

4

1. Әдістемелік  жұмыстарын  3- тоқсан бойынша есебі

2.Үш тілді мемлекетке көшудің жол картасы / баяндама/

3. Аттестациялық парақтарды толтыру  туралы  нұсқау

4. Курста оқып білімін жетілдірен мұғалімдердің баяндамасы

5

1. Жыл бойындағы  әдістемелік жұмыстың сараптамасы

2. Жылдық бақылау жұмысының анықтамасы

3.Жаңа оқу жылына ӘЖ  жоспарының жобасын талқылау

4. 5-7 сынып оқушылары білім алатын білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы туралы баяндама 

 

Мектепте әдістемелік жұмысын жақсарту мақсатында көптеген шаралар ұйымдастырылды: сауалнама жүргізу, педагогтардың сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы жұмыстарын бақылау, білім беру үрдісінің сапасын талдауды өткізілуде. 

 Оқушылар жетістігіне келер болсақ: 

  • «С. Мұратбеов шығармашылығы: ұлттық рухани-мәдени дамуындағы рөлі, зерттеулер және педагогикалық ізденіс» тақырыбында ІІ республикалық ғылыми-әдістемелік конференция-конкурстың «Көркем сөз шебері» номинациясы бойынша Болатова Анель - 8 сынып оқушысы І орын, «Арнау өлеңдер» номинациясы бойынша Алдибай Салтанат – 8 сынып ІІ орын, жетекшісі: Сегізбаева Гулнар Мухамедаримовна
  • Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай оқушылар  мен тәрбиеленушілерге арналған «Тәуелсіздік - тұғырым» атты республикалық көркемсурет байқауынан Али Нұрғиса - 6 сынып оқушысы бас жүлдеге ие болды, жетекшісі: Терлекбаева Жұмагүл Абылқызы.
  • Қаңтар айында Д.А. Қонаевтың 105 жылдық мерей тойына арналған математика пәнінен 6-7 сыныптар арасында аудандық олимпиада өтті. Аталған олимпиадаға 7 А сынып оқушы Қалмырзаева Амина, 6 А сыныбынан Тәжібаев Нұрәділ қатысып, 7 А сынып оқушы Қалмырзаева Амина ІІ орынға ие болды, жетекшісі Раматай Хурметхан.
  • Аудандық олимпиададан математика пәнінен ІІ орын алған  8 А сынып оқушысы Болатова Анель, жетешісі Султанмурадов Бахытбек Султанмурадович
  • ІІІ орын алған 11 Б сынып оқушысы Тен Сергей, жетекшісі Нижникова Наталья Владимировна.
  • «Жарқын болашақ» аудандық олимпиадан әнші бұлбұлдар номинациясынан 10 А сынып оқушысы Насыролланова Аружан ІІ орын алды.
  • Жас дарын төсбелгісімен және Қазақстан Республикасының Кіші Ғылым академиясына өз баяндамасын ұсынған үшін ІІІ дәрежелі диплом 8 А сынып оқушысы Болатова Анель марапатталды, жетекшісі Бектібаева Айман Жапсарбековна

Мектебіміздің педагогтарына тоқталар болсақ: 

Жоғары санат: 8

Бірінші санат: 16

Екінші санат: 17 

Жалпы мұғалімдер саны: 77

Мектеп тренері: 1

І деңгей мұғалімдері: 2

ІІІ деңгей мұғалімдері: 3

Мектеп үйлестірушісі: 1 

Ағымдағы оқу жылында университетті енді ғана аяқтап, мектеп табалдырығын енді аттаған жас мамандарымызда аз емес. Жас мамандарға жұмыс жоспарлары бекітіліп түрлі іс –шаралар ұйымдастырылып, жас мамандар белсене қатысуда. 

Ұстаздарымыздың білім сапасын көтеру мақсатында мектеп қабырғасында сәрсенбі, жұма, сенбі күндері Қултөриева Рая Байбосынқызы мектеп тренері, Нурмамбетова Гульмира Куандыкқызы мектеп үйлестірушісі, Балтабаева Алмагүл Нуржановна 1 деңгей мұғалімідері коучинг өткізілуде. Сонымен қатар, мектептің перспективті жоспарына сай пән мұғалімдері мен бастауыш сынып мұғалімдері, білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша өтіп жатқан курстарға қатысуда. 

15 наурыз 2017 жыл «ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ – СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ҮДЕРІСІ» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға білім бөлімінің әдіскері Тультаева Зура Кулмаганбетовна, «Жарқын болашық» аудандық желілік кәсіби қоғамдастығының төрағасы Ислам Руслан Танирбердиевич, Алға орта мектебінің директоры Алботаев Айдын Егеубаевич, аудан үйлестірушісі Фазилова Ағдагүл және 23 мектептерден пән мұғалімдері қатысты.

 

 

 


Баяндамашы «Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беруді жаңарту негізі» Унакбаева Алмагул Акашовна

Коучинг:

 «Диалогтік оқыту – сөйлеу тілін қалыптастырудағы белсенді үдеріс» - Культореева Рая Байбосыновна

«Как диалогическое обучение влияет на развитие навыков мышления к учащихся»  - Нурмамбетова Гульмира Куандыковна

«Кретериалды бағалаудың маңызы және күтілетін нәтижесі» - Ынтықбаева Тоты Сурттановна Алға орта мектебінің мұғалімі

 

 

 

 

Аудандық коучинг өткізу кезінде

 

Ашық сабақтар берген мұғалімдер:  

3 сынып дүниетану пәнінен «Біржылдық және көпжылдық өсімдіктер» - Балтабаева Алмагул Нуржановна

2 сынып, дүниетану пәні   «Животные. Разнообразие мира животных» - Мухтарова Клара Адиловна,

8 сынып қазақ әдеиеті пәні Қабдеш Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесі - Сегізбаева Гульнар Мухамедкаримовна

 

 

 

 

 

Ашық сабақтар өткізу кезінде

 

Осы аталған мұғалімдер Өрлеу Қазақстан Республикасы Білім Ғылым технология порталының дипломдары мен алғыс хаттарымен марапатталды. 

 

 

 

Похожие публикации:

08 апрель 2017 Мектеп тарихы