Оқу тәрбие жұмысына талдау » Бәйтерек орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Бәйтерек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
июль
2023

Оқу тәрбие жұмысына талдау

ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ОҚУ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНА ТАЛДАУ


«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Бәйтерек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» КММ 2022/2023 оқу жылындағы оқу тәрбие ісі бойынша жылдық талдау


АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА

Атауы: «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Бәйтерек орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Нақты мекенжайы: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылы, Мира көшесі 55А құрылыс

Телефондары: 8 (72-775) 29062

E-mail: Shbaiterek2016@mail.ru

Лицензиясы: №KZ09LAA00031370, 14.06.2021 жыл, БИН 160940010685

Мектепте 1–11-ші сынып оқушыларын оқыту жүзеге асырылады. Оқу тілі – аралас (қазақша-орысша).

Мектеп мына режиммен жұмыс істеді:

  • мектепалды, 1–4 және 5–7 жалпы білім беру сыныптары – 5 күндік жұмыс аптасы;
  • 8–11 сыныптар – 6 күндік жұмыс аптасы.

Сабақтың басталуы:

  • 1-ші ауысым – 08:00-ден бастап;
  • 2-ші ауысым – 13:30-ден бастап.

Сабақтың ұзақтығы – 40 минут.

Бір күндік және апталық сабақ режимі мектеп директоры бекіткен сабақ кестесімен айқындалады.

Мектепалды сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы – 35 аптаны, 1-ші сыныптарда – 35 аптаны, 2–11-ші сыныптарда 36 аптаны құрайды.


Оқушылар контингенті

2022/2023 оқу жылының басында мектепте 1631 оқушы оқыды. Оқу жылының соңында – 1648, оның ішіндегі

  • Мектепалды даярлық сыныптар – 37;
  • 1–4 сыныптар – 701 оқушы;
  • 5–9 сыныптар – 790 оқушы;
  • 10–11 сыныптар –120 оқушы;
  • үйден оқитындар 7 оқушы;

2022/2023 оқу жылындағы жинақ сынып саны – 69.

Сыныптардың орташа толымдылығы:

  • 1–4 сыныпта 24-25 оқушыдан;
  • 5–9 сыныпта 25-26 оқушыдан;
  • 10–11 сыныпта 15 оқушыдан.

3 ЖЫЛДАҒЫ ОҚУШЫЛАР КОНТИНГЕНТІНІҢ ДИНАМИКАСЫ

(мектепалды даярлық сыныптарын қоспағанда)


Оқу жылы

2020/2021

оқу жылы

2021/2022

оқу жылы

2022/2023

оқу жылы

Оқушылар контингенті

1395

1525

1611

Жыл сайын оқушы саны артты.


3 жылдағы оқушылар контингентінің динамикасы

Оқу сатылары

2020/2021 оқу жылы

2021/2022 оқу жылы

2022/2023 оқу жылы

саны

орташа толымды-лығы

саны

орташа толымды-лығы

саны

орташа толымды-

лығы

оқу-шы

сынып

оқу-шы

сынып

оқу-шы

сынып

Мектепалды даярлық

66

3

22

59

3

19-20

37

2

18-19

Бастауыш мектеп

624

25

24-25

699

27

25-26

701

29

24-25

Негізгі мектеп

673

27

24-25

720

29

24-25

790

31

25-26

Орта мектеп

98

7

14

106

9

11-12

120

7

17-18

Мектеп бойынша барлығы

1461

62

23-24

1584

68

23-24

1648

69

23-24


МЕКТЕПТІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ

  • оқу кабинеттері – 
  • лингафонды-мультимедиялық кабинет – 0
  • АӘжТД кабинеті – 1
  • медицина кабинеті – 1
  • ем-шара кабинеті – 1
  • асхана – 1
  • кітапхана – 1
  • спорт залы – 2 (үлкен және кіші)
  • спорттық алаң – 1













МЕКТЕПТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМЫНЫҢ 

КАДРЛЫҚ ҚҰРАМЫ


Мектеп әкімшілігі жұмысының басты бағыттарының бірі – кадрлық құрамды нығайту. «Білім туралы» ҚР Заңына және мектеп Жарғысына сәйкес педагогикалық ұжымды білім беру ұйымының басшысы құрады, қызметкерлерді қабылдау еңбек шарты негізінде жүзеге асырылады. ҚР ЕК-не сәйкес жұмысқа қабылданған барлық педагогпен еңбек шарттары жасалды.

Мектептің педагогикалық кадрының сандық құрамы сұранысқа қарай анықталады.


Педагогикалық кадрды талдау

Мектеп педагогтерінің саны 133 адамды құрайды, оның ішіндегі 117 адамның жоғары педагогикалық білімі бар, арнаулы орта-16 педагогикалық білімі бар.

Педагогтер біліктілігі:

«Педагог-шебер» біліктілік санаты

«Педагог-зерттеуші» біліктілік санаты

«Педагог-сарапшы» біліктілік санаты

«Педагог-модератор» біліктілік санаты

«Педагог» біліктілік санаты

Санатсыз


1

15

24

39

3

43

Педагогикалық өтілі

3 жылға дейін

3-тен 15 жылға дейін

16-дан 25 жылға дейін

25 жылдан жоғары


27

62

21

23

Мұғалімдердің жас құрамы

30 жасқа дейін

30-дан 50 жасқа дейін

50 жастан асқан

Педагогикалық ұжымның орта жасы


39

63

31

40

Жас және жаңадан келген педагогтерге әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастыру үшін Жас педагог мектебі құрылды, директордың бұйрығымен тәлімгерлер тағайындалды.

Педагогикалық тәжірибені жалпылау, тарату және тереңдету үшін Озық тәжірибе мектебі құрылды, онда мұғалімдер өз тәжірибелерімен, жинақтарымен бөліседі.






Мұғалімдердің қайта даярлау курсынан өтуі

Оқу жылы

Қайта даярлау курсынан өтуі тиіс педагогикалық жұмыскерлердің жалпы саны (адам)

Қайта даярлау курсынан өтті

2020/2021

115

28

2021/2022

139

35

2022/2023

133

40

Қайта даярлау курсынан өту кезінде мұғалімдердің аттестаттаудан өту мерзімдеріне, сондай-ақ олардың жұмысының нәтижесіне назар аударылады. Білім сапасы төмен мұғалімдерге курстық даярлық арқылы жоспардан тыс біліктілікті арттыру ұсынылады.





2022/2023 ОҚУ ЖЫЛЫ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КОНКУРСТАРҒА, ОЛИМПИАДАЛАРҒА, ІС-ШАРАЛАРҒА

ҚАТЫСУЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ


Конкурс атауы

Педагогтің Т. А. Ә.

Конкурс/олимпиада деңгейі

аудандық

облыстық

республикалық

халықаралық

1

Республикалық Абай оқулары

Сагындыкова Гулнур Жұматайқызы


1 орын

үшінші орын,қола медаль иегері


2

Жас танымдық Ақберен облыстық сайысы арнау номинациясы

Сагындыкова Гулнур Жұматайқызы


2 орын



3

Жас зиялыларға арналған Республикалық Мөлдір бұлақ журналының Ел бүгіншіл менікі ертеңгі үшін атты республикалық шығармашылық байқауы

Сагындыкова Гулнур Жұматайқызы



1 орын


4

Iqanаолимпиадасы облыстық кезең жеңімпазы



1 орын



5

ғылыми жоба жарысында тіл білімі пәні бойынша

Әнуарбекова Назерке Әнуарбековна

1 орын

2 орын



6

ғылыми жоба жарысында тіл білімі пәні бойынша

Сагындыкова Гулнур Жұматайқызы

2 орын




7

Алтын сақа

Қисан Арай

3 дәрежелі




8

"Ақберен" респубдикалық өнер байқауы "Шешендік,  білгірлік сайысы" номинациясы

Тасбулатова Баян Диханбаевна


2 орын



9

Аудандық «Жаңа Қазақстан-Жаса Қазақстан»байқауы

Кожакова Мадина

«Дәстүрлі ән»номинациясымен марапатталған




10

Облыстық Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы тұлғасы»тақырыбында өткен арнау –жырлар байқауы

Әнуарбекова Назерке Әнуарбековна


3 орын



11

Аудандық жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен Қадыр Мырза Әлі оқулары бойынша жеңіп алғаны үшін 

Ауыт Жолдықан

«Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін»айдары




12

Айканат олимпиадасы

Екінші кезеңіне өткен оқушылар саны 9



Нұрдан  Мадина республикалық кезеңге өтті


13

Жарқын болашақ»қазақ тілі олимпиадасы байқауында «Бейнелеуіштер бағыты бойынша

Терлекбаева Жумагуль Абыловна

2 дәрежелі диплом




ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЕГІЗГІ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІ

2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымда білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы және оқу-тәрбие процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырылды: 

–«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы; https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029031

–«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200008170

– «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008424

– «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 Қаулысы; https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000726

– «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V080005191_

− «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020708

− «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900019105

− «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018172

− «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы); (күшін жойған) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700014995

− «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700016138

− «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013272

− «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013317

– «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011716

– «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007495

– «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020317

– «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020317

– «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығы (өзгерістер мен толықтырулар ҚР БҒМ 2020 жылғы 2 сәуірдегі №125 бұйрығымен енгізілген); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V080005229_

– «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы; https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023890

– «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013418

– «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №175 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020567

– «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020472

– «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013420

– «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013085

– «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017553

– «Орта білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 18 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013067

– «Жеңімпаздар, жүлдегерлер және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен марапатталатын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 333 бұйрығы); https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200028915

– «Білім беру деңгейлері бойынша сапаны қамтамасыз ету жөніндегі басшылықты бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 23 маусым № 292 бұйрығы). https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029326


Ескертпе

Оқу жұмыс жоспарын дайындау кезінде «Орта білім беру ұйымдарында 2022/2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» ҚР БҒМ 2022.12.08 № 363 бұйрығы іске асырылды.

ҚР БҒМ 2018.31.10 № 604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес:

  • 1-4-сыныптарда «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсын міндетті меңгеруқамтамасыз етіледі. Оқу курсының мазмұнын 1–4-сыныптарда «Дүниетану» оқу пәнінің шеңберінде: жылдық оқу жүктемесі 1–3-сыныптарда 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімдері іске асырады;
  • «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұнын 1-4-сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақытта сынып жетекшілері жылдық жұмыс жоспарында тақырыптары мен мерзімін көрсете отырып, іске асырады; «Жол қозғалысы ережелері» оқу курсы 5–8-сыныптарда сыныптан тыс уақыттарда және сынып сағаты есебінен 10 сағат көлемінде жүргізіледі, сынып журналының жеке бетінде сабақтың тақырыбы мен сабақтың өткізілген күні көрсетіліп жазылады;
  • «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5–9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі;
  • «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқыту уақытында жүргізілді.

«Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатқа сәйкес вариативтік компонент сағаттарының есебінен «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы өткізілді (аптасына 1 сағат).

2022 жылғы 1 қыргүйектен бастап «Әліппе» және «Ана тілі» пәні оқытылды;

«Көркем еңбек» пәні 1 сыныпта екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері»;

«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2021.05.08 № ҚР ДСМ-76 бұйрығы бекітілді (ҚР ӘМ 2021.06.08 № 23890 болып тіркелді).

Мектептің үйден оқытудың оқу жұмыс бағдарламасы мына құжаттардың негізінде әзірленді

ҚР БҒМ 2013.03.04 № 115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300008424

ҚР БҒМ 2022.03.08 № 348 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары; https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029031#z1163

"Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029136






ҰЖЫМНЫҢ 2022/2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ


Білім алушыларға сапалы білім алу үшін оңтайлы жағдайлар жасау және өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі көрсетуге және өзін-өзі анықтауға қабілетті рухани бай, физикалық және адамгершілік жағынан сау, әлеуметтік белсенді тұлғаны тәрбиелеу.

Негізгі міндеттері

  • МЖМБС-тің талаптарына сәйкес даму режимінде мектептің жұмысын жүзеге асыру.
  • Аттестаттауға қойылатын жаңа талаптарға, оқу-әдістемелік сүйемелдеуді әзірлеу және қаржылық ынталандыру шарттарына сәйкес мұғалімдерді мансаптық өсуге ынталандыру.
  • Келешекте қалалық және республикалық деңгейде презентация жасау мүмкіндігімен оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жұмысты жетілдіру.
  • Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту, кабинеттерді безендіру, оқу-әдістемелік аймақты жүйелеу.
  • Оқытудың барлық сатысында білім алушылардың білім сапасын мониторингтеу жүйесін жетілдіру.
  • Жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқыту сапасын бақылауды күшейту.
  • 9–11-сынып оқушыларымен кәсіптік-бағдарлау жұмысын күшейту.
  • Мектеп педагогтерінің озық педагогикалық тәжірибесі мен инновациялық жобаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

Мектептің әдістемелік тақырыбы

Білім беру процесінің сапасын арттыру мақсатында оқыту мен оқуға жаңа тәсілдерді енгізу арқылы білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында білім алушыларға білім беру мен тәрбиелеу сапасына қол жеткізу факторы ретінде педагогтердің педагогикалық біліктілігін дамыту. Өткен оқу жылында білім алушылардың білімдегі олқылықтарын жою.

Ғылыми-әдістемелік жұмыстың мақсаты. Жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу мен оқытуға бағытталған инновациялық технологияларды педагогикалық практикаға енгізу бойынша мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Педагогтерді кәсіби оқыту және дамыту үшін қолайлы орта құру.

Ғылыми-әдістемелік жұмыстың міндеттері

  • Педагогикалық практикаға PIRLS, PISA халықаралық салғастырмалы зерттеу құралдарына ұқсас функционалдық сауаттылық пен біліктілікті қалыптастыруға бағытталған білім берудің әртүрлі сатысында алатын оқушылардың негізгі дағдылары мен құзыреттерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды енгізу бойынша жұмысты жалғастыру, оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету.
  • Білім берудің табыстылығын, педагогтердің кәсіби құзыреттілігі мен әдістемелік дайындығы деңгейін, олардың кәсіби дамуын мониторингілеу және диагностикалау жүйесін және басқару құрылымын жетілдіру.
  • Ақпараттық технологиялар мен интернет ресурстарды цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен пайдалану саласын кеңейту қажет. Инновациялық және ғылыми-зерттеу қызметі үшін білім беру кеңістігін кеңейту.
  • Педагогтардың озық педагогикалық тәжірибесін, оның ішінде үштілді білім беруді айқындау және жинақтау, тарату жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған.
  • Жас және жаңадан келген мамандарды әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
  • Оқу кезеңінде дарынды балаларды іздеу және қолдау жүйесін жетілдіру және оларды сүйемелдеу.
  • Әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, ынтасы төмен оқушылардың оқу іс-әрекетіне ынтасын арттыру бойынша жұмыс жүйесін жетілдіру.
  • Педагогтерге, ата-аналарға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға мобильді консультативтік-әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз ету.

Тәрбие жұмысының мақсаты. Қазақстанның азаматы және патриоты ретінде тұлғаны рухани-адамгершілік қалыптастыруға баса назар аудара отырып, тәрбиелік құрамдауышты және оқу процесін толық күшейту.

Тәрбиелік міндеттері

  • Ұлтжандылықты қалыптастыру; отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау; рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру; құқықтық сананы қалыптастыру және дамыту; жалпыадамзаттық қасиеттер негізінде көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру; салауатты өмір салтын жүргізу дағдыларын қалыптастырудың кешенді, үздіксіз және тұрақты жүйесін құру.
  • Мектеп жағдайында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін, бастамашылдығын, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға және тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетін арттыруға ынтасын дамыту.
  • «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеологиясы мен «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Туған жер» ұлттық жобалары негізінде оқушылардың қазақстандық патриотизмі мен мәдени бірегейлігін қалыптастыру.
  • Балалардың қоғамдық қозғалыстарын және оқушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту арқылы оқушылардың әлеуметтік бастамасына, шығармашылығына, дербестігіне белсенді қолдау көрсету.
  • Салауатты өмір салтын насихаттау, қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтардың, әлеуметтік қауіпті құбылыстардың алдын алу, ата-аналар қауымдастығын осы жұмысқа тарту.
  • Сынып жетекшілерінің ӘБ жұмысын жандандыру арқылы сынып жетекшілерінің кәсіби біліктілік деңгейін арттыру.
  • Қазіргі педагогикалық жаңашылдықтарды ескере отырып, ата-аналарға жаппай білім беру форматында ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағарту жүйесін дамыту.


Педагогикалық ұжым жұмысының негізгі бағыттары, мазмұны мен нысандары мына нормативтік құжаттармен регламенттелді:

  • «Білім туралы» ҚР Заңымен;
  • Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметтің үлгілік қағидаларымен;
  • Мектептің жарғысымен;
  • Білім басқармасы органдарының нормативтік құжаттарымен;
  • 2022/2023 оқу жылындағы мектептің оқу жұмыс жоспарымен;
  • 2022/2023 оқу жылындағы әдістемелік нұсқау хатпен.

Жұмыс нысандары:

  • педагогикалық кеңес;
  • әдістемелік кеңес;
  • мектеп жобаларын іске асыру бойынша мұғалімдердің шығармашылық топтары;
  • дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру;
  • оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастыру;
  • біліктілік тестілеуге дайындықты ұйымдастыру және бақылау;
  • электрондық портфолионы толтыру бойынша консультациялар; толтыруды бақылау;
  • ашық сабақтар;
  • химия, физика, информатика, биология пәндерін ағылшын тілінде оқыту;
  • ӘБ пәндік апталықтары;
  • жас мамандармен жұмыс;
  • авторлық бағдарламаларды әзірлеу, заманға сай сабақты ұйымдастыру және өткізу бойынша консультациялар және т. б.


Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру

Оқу жылының басында оқытушылардың тарификациясы жүргізілді, мектеп курсы бойынша білім деңгейін анықтау мақсатында оқушылардың жеке істері талданды, сабақтардың, факультативтік және үйірме сабақтарының кестесі жасалды.

Осы бағыттағы жұмыстың тиімді нысандарының бірі – мұғалімдермен әдістемелік кеңестер және педагогикалық кеңестер өткізу.

Жалпы білім беру жұмысын ұйымдастыру ұйымдасқан түрде және бекітілген жоспар бойынша жүргізілді. Сабақтардың тұрақты кестесі СанЕН-нің қажетті талаптарын сақтай отырып, уақтылы жасалды. Әдістемелік кеңес отырыстарында білім беру процесінің сапалық көрсеткіштеріне байланысты қажетті және маңызды мәселелер қарастырылды. Барлық мұғалім курстық қайта даярлаудан уақтылы өтті.


БДМ тексеру нәтижесі бойынша ОТП талдау

Оқушылардың БДМ тексеру нәтижелері бойынша оқу-тәрбие процесін талдау мынадай нысанда жүргізілді: әкімшілік бақылау жұмыстары; мектеп оқушыларының мемлекеттік стандарттарды меңгеру сапасын анықтау мақсатында барлық пәндер бойынша білім срездері.


2022/2023 оқу жылындағы оқу үлгерімінің қорытындылары мен білім сапасы


сыныптар

Оқушы саны

Оқу үздіктері

Оқу екпінділері

Үлгермеу-шілер

Оқу үлгерімі %

Оқу сапасы %

1

26

8

8


100

61,5

2

26

6

11


100

65,4

3

28

8

12


100

71,4

4

24

6

9


100

62,5

5

26

7

8


100

57,7

6

24

5

10


100

62,5

7

2Ер

17

6

4


100

58,8

8

2Жр

18

4

8


100

66,7


2 сыныптар

189

50

70

0

100

63,5

9

25

7

8


100

60,0

10

25

7

7


100

56,0

11

26

3

10


100

50,0

12

26

8

8


100

61,5

13

25

7

8


100

60,0

14

3Др

26

5

11


100

61,5


3 сыныптар

153

37

52

0

100

58,2

15

28

8

9


100

60,7

16

27

5

12


100

63,0

17

27

10

8


100

66,7

18

26

9

5


100

53,8

19

28

6

10


100

57,1

20

4Др

17

6

4


100

58,8

21

4Ер

18

3

13


100

88,9


4 сыныптар

171

47

61

0

100

63,2


2-4 сынып аралығы

701

134

183

0

100

61,7

22

26

6

12


100

69,2

23

30

5

16


100

70,0

24

27

5

13


100

66,7

25

28

4

13


100

60,7

26

26

3

13


100

61,5

27

23

2

13


100

65,2

28

5Ер

30

7

10


100

56,7


5 сыныптар

190

32

90

0

100

64,2

29

28

3

13


100

57,1

30

29

3

12


100

51,7

31

28

4

12


100

57,1

32

26

7

6


100

50,0

33

6Гр

18

1

5


100

33,3

34

6Др

20

3

9


100

60,0


6 сыныптар

149

21

57

0

100

52,3

35

28

0

15


100

53,6

36

29

2

16


100

62,1

37

28

2

14


100

57,1

38

29

3

14


100

58,6

39

26

2

11


100

50,0

40

7Др

14

2

3


100

35,7

41

7Ер

22

2

6


100

36,4


7 сыныптар

176

13

79

0

100

52,3

42

27

5

9


100

51,9

43

24

2

12


100

58,3

44

26

2

12


100

53,8

45

25

2

11


100

52,0

46

8Гр

20

7

4


100

55,0

47

8Др

19

2

9


100

57,9


8 сыныптар

141

20

57

0

100,0

54,6

48

24

0

11


100

45,8

49

24

0

15


100

62,5

50

27

0

16


100

59,3

51

26

0

14


100

53,8

52

9Гр

33

2

9


100

33,3


9 сыныптар

134

2

65

0

100

50,0


5-9 сынып аралығы

790

88

348

0



53

10А

26

1

15


100

61,5

54

10Ә

15

1

6


100

46,7

55

10Б

17

1

8


100

52,9

56

10Вр

8

2

3


100,0

62,5


10 сыныптар

66

5

32

0

100,0

56,1

57

11А

23

1

17


100

78,3

58

11Ә

15

7

4


100

73,3

59

11Бр

16

2

7


100

56,3


11 сыныптар

54

10

28

0

100

70,4


10-11 сынып аралығы

120

15

60

0

100,0

62,5


2-11 сынып

1423

237

591

0

100,0

58,2


Мектеп бойынша

1611







Жиыны:

  • оқу үздіктері – 237 оқушы;
  • екпінділер – 591 оқушы;
  • үлгермеушілер– 0 оқушы;
  • сапа – 58,2 %;
  • оқу үлгерімі – 100 %.

Тұжырымдар: 

-оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;

-қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;

-қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды;

-оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;

-қызығушылық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-амалдар пайдалану интеллектуалдық қабілеттерін дамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады. Сапалы білімді қамтамасыз етуде қазіргі қолданылып жатқан әдіс-амалдар өте мол, оқушылардың қызығушылығын арттыруда жаңа технологиялар да артуда, тек әр ұстаз, өз оқушыларына ыңғайлысын қолдана білуден ұтады. 


3 жылдағы оқу сатылары бойынша білім сапасының көрсеткіштері

Оқу сатылары

2020/2021 оқу жылы

2021/2022 оқу жылы

2022/2023 оқу жылы

Динамикасысы

Оқушы саны

Сапа %

Оқушы саны

Сапа %

Оқушы саны

Сапа %

Оқушы саны

Сапа %

1–4 сыныптар

624

70,1%

 699

65,6%

 701

 61,7%

 +77

 -8,4%

5–9 сыныптар

673

 60,1%

 720

54,4% 

 790

55,1% 

 +117

 -5%

10–11 сыныптар

98

 67,3%

 106

70,8% 

 120

 62,5%

 +22

 -4,8%

Ұсынымдар:

  • Оқушылардың әмбебап оқу әрекетерінбіліктілігі мен ынтасын қалыптастыру.
  • Педагогтердің кәсіби біліктілігін дамытуды жалғастыру.
  • МЖМБС талаптарына сәйкес оқу-тәрбие процесін жаңғырту.
  • Дарынды балаларды іздеу және қолдау жүйесін жетілдіру.
  • Мектеп дәстүрлерін мемлекет пен қоғамның білім берудің мазмұны мен сапасына қоятын талаптарымен үйлестіру.
  • Білім беру процесін басқаруда ақпараттық технологияларды қолдану.
  • Мектеп тәжірибесінде тиімді бағдарламалар мен қызметтік тұрғыдан келу технологияларынсыни бағалау жүйелерін іске асыру.
  • Бейіндік оқыту жүйесін дамыту.
  • Қалалық білім беру жүйесіндегі мектептің кәсіби қызметіне жоғары рейтингілік баға беруді қамтамасыз ету.
  • Вариативтік бағдарламаларды енгізу арқылы білім беру кеңістігінде оқушының өзін өзі танытуы мен еркін таңдау жасауына жағдай жасау.
  • Бала тұлғасын зерттеудің диагностикалық материалдар қорын жасақтау.
  • Педагогикалық ұжымның кәсіби біліктілігін арттырумұғалім тұлғасын дамыту.




Оқу жылының қорытындылары бойынша сапаны талдау


2020/2021 оқу жылы

2021/2022 оқу жылы

2022/2023 оқу жылы

Динамикасысы

2–4 сыныптар

Оқушы саны

473

506

513 

 +40

Үздіктер саны

146

152

 134

 -12

Екпінділер саны

186

 180

 183

 -3

Сапа %

70,1%

65,6%

 61,7%

 -8,4%

5–9 сыныптар

Оқушы саны

 673

 720

 790

 +117

Үздіктер саны

 133

 87

 88

 -45

Екпінділер саны

 272

 304

 348

 +76

Сапа %

 60,1%

 54,4%

 55,1%

 -5%

10–11 сыныптар

Оқушы саны

 98

 106

 120

 +22

Үздіктер саны

 15

 18

 15


Екпінділер саны

 51

 57

 60

 +9

Сапа %

 67,3%

 70,8%

 62,5%

 -4,8%

2–11 сыныптар

Оқушы саны

 1242

 1332

 1423

 +181

Үздіктер саны

 294

 257

 237

 -57

Екпінділер саны

 511

 541

 589

 +78

Сапа %

 64,8%

 59,9%

 58,2%

 -6,6%

Ағымдағы оқу жылындағы білім сапасын талдай отырып, егер жыл басында мектептегі білім сапасы 45% - ды құраса, жыл қорытындысы бойынша ол 58,2% - ды құрады. Оқу жылында білім сапасының өсімі 13,2% құрады. Бірінші тоқсанда білім сапасының төмендігі жаңа бағдарламалық материалды зерттеумен қатар, пән мұғалімдері оқушылармен «нөлдік кесінділерді» жүргізу барысында анықталған олқылықтарды жою бойынша жұмыс жасауымен түсіндіріледі. Білім сапасын арттыру екінші тоқсанның өзінде білім сапасын арттыру бойынша жұмыс жоспары жақсы нәтиже бергенін көрсетеді және сол бағытта жұмыс жүргізу қажет: білім сапасына аралық мониторинг жүргізу, «резервпен» жұмыс істеу, оқушылармен және

ата-аналармен әңгімелесу жүргізілді, сабақта белсенді жұмыс түрлерін пайдаланды.

Ұсынымдар:

1.       Білім беру сапасын арттыру мақсатында әр баланың қолжетімді және сапалы білім алу құқығын іске асыру үшін әр мұғалімнің жауапкершілігін арттыру.

2.       Педагог-психологпен бірлесіп дарынды және үлгерімі нашар оқушылардың деректер банкін құру және олармен жұмыс істеу бағдарламасын әзірлеу.

3.       Мұғалімдерді көтермелеудің әртүрлі нысандарын әзірлеу және пайдалану.



ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ НӘТИЖЕЛЕРІ 

БОЙЫНША ПӘНДЕР РЕЙТИНГІ

(9 сыныптар)


Пән

2020/2021 оқу жылы

2021/2022 оқу жылы

2022/2023 оқу жылы

Оқу үлгерімі

Білім сапасы

Оқу үлгерімі

Білім сапасы

Оқу үлгерімі

Білім сапасы

Қазақ тілі

100%

64,6%

100%

79,3

100%

76,8%

Русский язык

100%

62,5%

100%

61,5%

100%

48,5%

Алгебра/математика

100%

63,3%

100%

57,4%

100%

51,5%

Орыс тілі мен әдебиеті

100%

66,7%

100%

68,1%

100%

79,8%

Қазақ тілі мен әдебиеті

100%

81,3

100%

84,6%

100%

63,6%

Таңдау пәні

География

-

-

100%

78,1%

100%

64,8%

Биология

-

-

100%

60%

100%

91,6%

Ағылшын тілі

-

-

100%

100%

100%

100%

Физика

-

-

100%

83,3%

-

-

Қазақстан тарихы

-

-

100%

78,2%

100%

80,3%

Химия 

-

-

100%

100%

-

-

Русская литература

-

-

-

-

100%

0%

Информатика

-

-

-

-

100%

100%

Жоғарыда көрсетілгендер негізінде ұсынылады: 

1. ӘБ жетекшілеріне: 9 кластардағы мемлекеттік емтихан қорытындысы ӘБ отырысында талдансын; 10 класқа бағыт бойынша оқушы қабылдауға емтихан материалдары жасақталсын; 

2. Пән мұғалімдеріне:

2.1. Оқушылардың білім сапасын арттыру, мемлекеттік емтиханға дайындау бағытында жұмыс жоспарлары жасалсын; 

3. Класс жетекшілеріне: 

3.1. Оқушылардың қорытынды бағалар тізбесін жасақтап, куәлікке дұрыс, куәліктегі аты-жөніне сай бағаларын түсіру қажеттігі қатерге алынсын; 

3.2. Негізгі мектеп түлектерін орта арнайы, кәсіптік оқу орындарына орналастыру бойынша оқушымен, ата-аналармен жұмыстану қажеттігі қатерге алынсын;












ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ НӘТИЖЕЛЕРІ 

БОЙЫНША ПӘНДЕР РЕЙТИНГІ

(11 сыныптар)


Пән

2020/2021 оқу жылы

2021/2022 оқу жылы

2022/2023 оқу жылы

Оқу үлгерімі

Білім сапасы

Оқу үлгерімі

Білім сапасы

Оқу үлгерімі

Білім сапасы

Қазақ тілі

100%

96,6%

100%

70,8

100%

89,5%

Қазақ әдебиеті

100%

92,3%

-

-

-

-

Русский язык

100%

90%

100%

71,4%

100%

81,3%

Русская литература

100%

90%

-

-

-

-

Алгебра және анализ бастамалары

100%

80,5%

100%

77,5%

100%

79,6%

Қазақстан тарихы

100%

80,5

100%

72

100%

77,8%

Орыс тілі (Т2)/ Орыс тілі мен әдебиеті

100

80,6

100%

70,8

100%

100%

Қазақ тілі (Т2)/ Қазақ тілі мен әдебиеті

100%

100

100

71,4

100%

87,5%

Таңдау пәні

География

-

-

100%

82,1%

100%

100%

Биология

-

-

100%

57,1

100%

90%

Ағылшын тілі

-

-

100%

100%

100%

100%

Физика

-

-

100%

100%

100%

75%

Қазақ әдебиеті

-

-

100%

100%

100%

100%

Химия

-

-

100%

100%

-

-

Дүниежүзі тарихы

-

-

-

-

100%

100%

Информатика 

-

-

-

-

100%

100%

Құқық негіздері

-

-

-

-

100%

100%

Жоғарыда көрсетілгендер негізінде ұсынылады: 

  1. ӘБ жетекшілеріне: 

11 кластардағы мемелекеттік емтихан қорытындысы ӘБ отырысында талдансын; 

2. Пән мұғалімдеріне:

2.1. Оқушылардың білім сапасын арттыру, мемлекеттік емтиханға дайындау бағытында жұмыс жоспарлары жасалсын; 

3. Класс жетекшілеріне: 

3.1. Оқушылардың қорытынды бағалар тізбесін жасақтап, аттестатқа дұрыс, аттестаттағы аты-жөніне сай бағаларын түсіру қажеттігі қатерге алынсын; 

3.2. Негізгі мектеп түлектерін орта арнайы, кәсіптік оқу орындарына орналастыру бойынша оқушымен, ата-аналармен жұмыстану қажеттігі қатерге алынсын;


ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУДЫ ТАЛДАУ


Оқу жылы

2020/2021

оқу жылы

2021/2022

оқу жылы

2022/2023

оқу жылы

Динамикасы

Түлектер

43

50

54

+11

Білім сапасы %-бен

79%

60%

70,4

-8,6%

Үздік аттестат

2

3

6

+4

Алтын белгi

3

4

4

+1










ОҚУҒА ЫНТАЛЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ


Мектептің даму ресурсы әртүрлі деңгейдегі конкурстарға қатысу болып табылады: мектептен республикалық деңгейге дейін – білім беру процесіне әр қатысушының жеке өсуіне, жетістік жағдайына қажеттілігін дамыту мақсатында.

2021/2022 оқу жылы ішінде 10 пән (қазақ тілі, орыс тілі, математика, ағылшын тілі, биология, физика, химия, тарих, география, информатика) бойынша мектеп кезеңіндегі олимпиадалар өткізілді.

Барлығы 7-11 сыныптың __ оқушысы қатысты. Мектеп кезеңінің қорытындысы бойынша олимпиада тапсырмаларын 80 %-дан астам орындаған оқушылар пәндік олимпиадалардың аудандық кезеңіне қатысты.

Биылғы оқу жылында республикалық, аудандық олимпиадалар мен конкурстарға қатысушылар саны _ _ _ _ адамды құрады. Мектеп ОҒҚ, «Ақ бота», «Русский медвежонок», ҚИО пәндік олимпиадалар мен байқауларға қатысты. Ынталы және дарынды балалармен мақсатты жұмыстың нәтижесіне оқушылардың конкурстардағы жеңістері жатады.

Тұжырымдар. Биылғы оқу жылында жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны аз, бірақ пән мұғалімдерінің белсенділігі мен білім алушылардың танымдық іс-әрекетке деген ынтасының артуы есебінен артты.


2022/2023 оқу жылы оқушылардың конкурстарға, олимпиадаларға, зияткерлік ойындарға, іс-шараларға қатысу қорытындылары

Іс-шара

Қатысушы саны

Жүлдегердің Т. А. Ә.

Нәтижесі

1

Республикалық Абай оқулары

1

Игерді Ақтолқын Қайыржанқызы

орын

2

Жас танымдық Ақберен облыстық сайысы арнау номинациясы

1

Игерді Ақтолқын Қайыржанқызы

2 орын

3

Жас зиялыларға арналған Республикалық Мөлдір бұлақ журналының Ел бүгіншіл менікі ертеңгі үшін атты республикалық шығармашылық байқауы

1

Игерді Ақтолқын Қайыржанқызы

1 орын


Iqanаолимпиадасы облыстық кезең жеңімпазы

1

Игерді Ақтолқын Қайыржанқызы



ғылыми жоба жарысында тіл білімі пәні бойынша

1

Аблезова Зарина

2 орын


ғылыми жоба жарысында тіл білімі пәні бойынша

1

Мұратқан Жансая

2 орын


Алтын сақа

1

Айдарқызы Әмина

3 орын


"Ақберен" респубдикалық өнер байқауы "Шешендік,  білгірлік сайысы" номинациясы

1

Баймурзаева Айым

2 орын


Аудандық «Жаңа Қазақстан-Жаса Қазақстан»байқауы

1

Есхатқызы Үміт

Дипломмен марапатталды


Облыстық Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ұлттың ұлы тұлғасы»тақырыбында өткен арнау –жырлар байқауы

2

Тәжібай Дарын,Бейбітжанқызы Шұғыла

3 орын


Аудандық жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен Қадыр Мырза Әлі оқулары бойынша жеңіп алғаны үшін 

1

Тәжібай Дарын



Айканат олимпиадасы

9

1.Қанат Ернұр-матем,

2.Нагашбаев Рахимжан,

3. Калинюк Канстантин матем

4 Усурканова Жанерке биология

5.Борзых Карина биология

6. Хайбуллина Камилла биология

7. Бошан Фатима - матем

8.Нұрдан Мадина - матем

9.Бақыт Нұрайым,екінші кезеңді жеңген 8 ә сынып оқушысы Нұрдан Мадина өтті

сертификат


Жарқын болашақ»қазақ тілі олимпиадасы байқауында «Бейнелеуіштер бағыты бойынша

1

Асқар Әсем

2 дәрежелі димпломмен








Оқушылардың қалалық (аудандық, облыстық, республикалық) олимпиадаларға қатысуын талдау

Оқу жылы

Сынып

Орыс тілі мен әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті

Ағылшын тілі

Биология

бала саны

жүлделі орындар

бала саны

жүлделі орындар

бала саны

жүлделі орындар

бала саны

жүлделі орындар

2020/2021

8–11



1

3 дәрежелі диплом





2021/2022

8–11



1

3 дәрежелі диплом



3 дәрежелі диплом

2022/2023

8–11

1

3 дәрежелі диплом

1

3 дәрежелі диплом

1

3 дәрежелі диплом



кестенің жалғасы

Химия

География

Физика

Математика

Информатика 

бала саны

жүлделі орындар

бала саны

жүлделі орындар

бала саны

жүлделі орындар

бала саны

жүлделі орындар

бала саны

жүлделі орындар











1

2 дәрежелі диплом





2

3 дәрежелі диплом

1

3 дәрежелі диплом

1

3 дәрежелі диплом

1

3 дәрежелі диплом

1

1 орын

2

3 дәрежелі диплом

1

3 дәрежелі диплом


ОҚУ ПРОЦЕСІН МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ

Оқу процесін мектепішілік бақылау ҚР БҒМ талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.

Бақылаудың мақсаты: әр оқушының жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, білім беру мүмкіндіктерін және денсаулық жағдайын ескере отырып, білім алушылардың даму динамикасын, олардың білім беру әлеуетін іске асыруды бақылау негізінде оқу процесін жетілдіру.

Міндеттері:

  • барлық қатысушының заңды құқықтары мен мүдделерін барынша толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ашық білім беру ортасын құру;
  • білім алушылардың функционалдық сауаттылығының барлық түрін дамытуда елеулі нәтиже беретін жаңартылған бағдарлама бойынша пәндерді оқытудың тиімді тәсілдерін анықтау және қорыту;
  • білім беру процесіне мектептің әлеуметтік ортасының өкілдерін белсенді тарту негізінде бақылаудың жаңа, қазіргі заманғы нысандарын енгізу.


ЖАППАЙ ОҚЫТУДЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ

Мақсаты:

  • оқушының сабаққа қатысуын бақылауды жүзеге асыру;
  • оқуға жайлы жағдай жасау.

Мектепте оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау және жұмыс жүйесі қалыптасты (бірінші және соңғы сабақтардағы күнделікті бақылау, күнделікті және апта сайынғы есептер). Сабаққа жақсы қатысу оқу үлгерімін де арттырады. Маңызды себептермен сабаққа қатыспау мәселелері уақтылы шешілді.

Мектепте оқушы жұмысының санитарлық-гигиеналық, педагогикалық, психологиялық жағдайлары СанЕН талаптарына сәйкес жасалған. Жылу, жарық режимі сақталады. Оқушының сабақ кестесі мен оқу жүктемесі қалыпты. ҚТ бойынша журналдар үнемі тексеріліп тұрады, ескертулер жоқ. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылармен жұмыс жүргізілуде.


МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДӘПТЕРІМЕН 

ЖҰМЫСЫН БАҚЫЛАУ


Мақсаты: дәптерлердің болуын, бірыңғай орфографиялық режимнің сақталуын, сабақтардағы жұмыс көлемін тексеру.

Тексеру қорытындысы бойынша анықтама дайындалды. Дәптерлерді тексеру нормалары мен сабақтардағы жұмыс көлемі негізінен талаптарға сәйкес келеді, оқушылардың көпшілігі орфографиялық режимді сақтайды. Кері байланыс әрдайым сақталмайды.

Ұсынымдар:

  • директордың ОТІ жөніндегі орынбасарына барлық мұғалімнің бірыңғай талаптардың орындалуына қол жеткізуі үшін дәптерлерді жүйелі түрде тексеру жүктелсін;
  • ұстаздар оқушының дәптерлерімен жұмыс істеуде талап қоя білуі тиіс.


ОҚУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ

Мақсаты: оқушының пәндер бойынша оқу сапасын бақылау, оқу бағдарламаларын орындау.

Тексеру нәтижесі бойынша анықтамалар жасалып, жиналыстар өткізілді.

Биыл сабаққа қатысу әрі талдау арқылы мына мәселелер бақылауға алынды:

  • сабақтың тәрбиелік бағыты;
  • оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру;
  • оқушының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • оқу әдістерін ұтымды қолдану;
  • оқуды уәждемелік қамтамасыз ету.

Сабақты талдау барысында ұсыныстар мен ұсынымдар жасалды. Жалпы алғанда, оқытушылар сабақ өткізуге жауапкершілікпен қарайды, өздерінің кәсіби деңгейін арттыруға тырысады, жаңа педагогикалық технологиялардың, соның ішінде АКТ элементтерін пайдалана отырып, оқушылармен жұмыс істеудің әртүрлі нысандары мен әдістерін қолданады.

Барлық мұғалім пән бойынга білім берудің жаңартылған мазмұны курстарынан өтті.

Ұсынымдар:

  • оқытушылардың өз қызметін өзіндік талдау дағдыларын арттыру;
  • сабақ өткізу түрлерін әртараптандыру;
  • жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін белсенді енгізу, сабақта АКТ-ны қолдану;
  • ӘБ арқылы озық тәжірибені жинақтау және жалпылау бойынша жұмысты қадағалау.


ОҚУШЫНЫҢ БДМ БАҚЫЛАУ

Мақсаты:

  • оқушының БДМ деңгейін, мұғалімдердің білім сапасын арттыру жұмысын бақылау;
  • білім сапасын арттыруға кері әсер ететін факторларды анықтау.

Білім сапасын бақылау әрі мониторинг жүргізу мына бағыттар бойынша жүргізілді:

  • әкімшілік;
  • аралық;
  • жылды қорытындылау;
  • бақылау, практикалық, зертханалық жұмыстар кестесін орындау;
  • қорытынды аттестаттау.

Бақылаудың әр түрінің қорытындысы бойынша анықтамалар дайындалды, жұмыс кеңестері мен педкеңестер өткізілді.


Тұжырымдар. Негізінен 2022/2023 оқу жылына қойылған міндеттер орындалды. Оқу үлгерімі –100%, сапасы –58,2 % (динамикасы өткен оқу жылымен салыстырғанда теріс).


Ұсынымдар:

  • үлгерімі нашар және оқуға ынтасы төмен оқушылармен жеке жұмыс түрлерін жетілдіруге мұғалімдерді тарту;
  • оқушыдағы білім олқылықтарын жою жөніндегі жұмысты күшейту;
  • ӘБ жұмыс жоспарына пәндер бойынша білім сапасының мониторингі бойынша сұрақтар енгізу.


ОҚУ ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС

Мақсаты:

  • білімдегі олқылықтарды жою бойынша жеке жұмысты бақылау;
  • кеңес беру арқылы үлгерімі нашар оқушылармен жұмысты, оқытушылардың жұмысын, оларға қатысуды тексеру;
  • бір жыл ішінде үлгерімі нашар оқушыларды анықтау, үлгермеушілік себептерін талдау.

Үлгерімі нашар оқушылар бастапқы бақылаудан (мектеп курсындағы бақылау срездері) кейін анықталады, жиналыстарда және педкеңестерде келесі мәселелер талқыланады: сабақтардағы жеке жұмыс арқылы олқылықтарды жою, оқушылардың ата-аналарымен байланыс, танымдық іс-әрекетке деген ынтаны арттыру.

Үлгермеудің себептері: ақыл-ойдың нашар дамуы, есте сақтау қабілетінің әлсіздігі, баланың психикалық және эмоциялық дамуының ерекшеліктері, танымдық қызығушылықтың болмауы және оқуға деген ынтаның төмендігі, білімдегі олқылықтар, оқу жұмысының дағдылары дамымаған, мектептен тыс ортаның (отбасы, құрдастар) кері әсері.

Пән мұғалімдері үлгерімі төмен білім алушылармен жеке жоспар бойынша жұмыс істейді, сабақтарда оқытудың сараланған тәсілі жүзеге асырылады.

Тұжырымдар. Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі, мұғалімдер үлгермеушіліктің алдын алу үшін жұмыс істейді, оның себебін анықтайды және тиісінше білім алушыларға сәтсіздіктерді жоюға көмектеседі.

Ұсыныстар: сәтсіз оқушының мінездемесін жасау, себептерін анықтау, осы оқушылар үшін сәттілікке жету жолдарын белгілеу, оқушы, мұғалім, ата-аналармен байланыста жұмыс істеу қажет.


«KUNDELIK.KZ» ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖУРНАЛЫМЕН 

ЖҰМЫСТЫ ТАЛДАУ

«Kundelik.kz» электрондық журналдарын жүргізу талаптарға толық жауап береді. ЭЖ жүргізу туралы ережеге сәйкес пән мұғалімдері сабаққа қатыспағандарды белгілеуі, оқушыларға баға қоюы, оқушыларға ұсыныстар мен түсініктемелер жазуы, сабақ жоспары мен үй тапсырмасының жазбаларын жүргізуі тиіс.

Журналдарды тексеру мұғалімдердің жұмысындағы келесі кемшіліктерді анықтады: жеке мұғалімдерде сауалнама жүйесі жоқ; кейбір мұғалімдер сабақтың күндері мен тақырыптарын уақытында жазбайды және т. б.


АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ТАЛДАУ

Мектептегі ата-аналармен жұмыс істеудің негізгі нысандары – ата-аналар жиналыстары (сыныптық және жалпымектептік); сынып жетекшілері мен мектеп әкімшілігінің ата-аналарымен жеке әңгімелесулер. Өткен оқу жылында төрт ата-аналар жиналысы өткізілді: қыркүйекте – ұйымдастырушылық, желтоқсанда – бірінші жартыжылдықтың қорытындысын шығару, ақпанда – қорытынды аттестаттаудың ерекшеліктері, мамырда – оқу жылының аяқталу нәтижелері (ақпан, сәуір – бітіретін сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпымектептік).

9, 11 сынып оқушыларының ата-аналарының жиналыстары маңызды және қажет, онда мектеп әкімшілігі ата-аналарды балаларының одан әрі білім алуына бағыттайды.Сонымен қатар, ата-аналарды 2023 жылы ҰБТ өткізу рәсімімен таныстырды, оларға негізгі және жалпы орта білім туралы аттестат алу талаптары түсіндірілді.

Ата-аналар жиналысы сынып жетекшісінің оқушылардың ата-анасымен жақсы жұмыс істегенін көрсетті. Мектепте үлгерімі нашар оқушылар мен бағдарламаны орындай алмайтын оқушылардың ата-аналарымен үнемі жұмыс жүргізіледі. Бұл жұмыс сынып жетекшілерімен және мектеп әкімшілігімен әңгімелесу түрінде де жүзеге асырылады.


2022/2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕР


Мектептің педагогикалық ұжымының нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, мәселелерді педагогикалық талдау негізінде мектептің педагогикалық ұжымы жаңа оқу жылына арналған міндеттерді анықтады:

  • инновациялық технологияларды әзірлеу мен игеруді қамтамасыз ету, Мектептің даму бағдарламасын іске асыру үшін қажетті жағдай жасауды жалғастыру (ұйымдастырушылық, кадрлық, материалдық-техникалық, уәждемелік, нормативтік құқықтық);
  • әрбір оқушыны табысты оқытуға қолайлы жағдай жасау жөніндегі жұмысты жетілдіру;
  • барлық пән бойынша білім деңгейін және 100 % үлгерімін сақтау;
  • білім сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру;
  • мектептегі сапалы білімнің мазмұны бойынша жұмысты жалғастыру;
  • мұғалімдердің кәсіби шеберлік деңгейін жетілдіру;
  • сабақтарда жаңа білімді меңгеру бойынша жұмыста құзыреттілік және жүйелік-әрекеттік тәсілдерді жүзеге асыру;
  • оқыту технологияларын белсенді енгізу және сабақ және сабақтан тыс уақытта әртүрлі жобалық және зерттеу қызметін ұйымдастыру арқылы ынталы балалармен жұмыс жүйесін жетілдіру.