Бәйтерек орта мектебінің 2016-2017 оқу жылында өткізілген мектепішілік іс-шаралар » Бәйтерек орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Бәйтерек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бәйтерек орта мектебінің 2016-2017 оқу жылында өткізілген мектепішілік іс-шаралар
04
апрель
2017

Бәйтерек орта мектебінің 2016-2017 оқу жылында өткізілген мектепішілік іс-шаралар

Бәйтерек орта мектебінің 2016-2017 оқу жылында өткізілген мектепішілік іс-шаралар


Бүгінгі таңдағы мектептің мақсат-міндеті әр оқушының жеке тұлғалық қабілетін дамытушы тәрбиешіге байланысты. Осы негізді басшылыққа алуда мектебіміздің тәрбие жұмысын басқарудың моделіне сүйене отырып, жұмыс жүргіземіз. «Тәрбиелеу үрдісінің субъектілерінің рухани адамгершілік құзыреттілігін белсенді әрекеттер технологиясы негізінде дамыту» өзекті тақырыбынан туындайтын міндеттерді халықтық тәлім-тәрбие мұрасымен, қазақ халқының бағалы педагогикалық ой-пікірлерімен, ұлттық мұрамен ұштастыру арқылы жүзеге асыруда. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында төмендегідей міндеттерді шешуге бүкіл жұмыс жүйесі бағытталды. Білім тәртіптен басталатындықтан, оқушылардың бірыңғай талапты , мектеп формасын, мектептің ішкі ережесін орындаулары бақыланады.Қазіргі күнде мектептің тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын басшылыққа алып жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасы тәрбие саласындағы мемлекеттік жалпы стратегиялық саясаттың мақсаты мен міндетін, тәрбие мазмұнының негізгі бағыттарын және оларды іске асыру шарттарын айқындайтын құжат болып табылады. Ондағы берілген 8 бағыт күнделікті қамтылып, мектептің дәстүрлі мерекелері мен әр ай сайын өтілетін айлықтарда көрініс тауып отыр. Бағыттардың әрқайсысына оқу жылының І-жартыжылдығында мәлімет бере кеткен болатынмын. Бұл жолы жеке-жеке тоқталмай, басты назарда ұстауды көздеп отырған бағыттарды атай кететін болсам:

«Салауатты өмір салтын сақтау»

«Тәрбие тұғыры - имандылықта »

«Отанды қорғау - парызымыз »

«Ұлт болашағы - білікті, білімді маман қолында» тақырыптары.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда мектебімізде оқушының алаңсыз білім алуы үшін дене тәрбиесімен айналысуына, салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған іс-шаралар жоспары құрылған.

Мектебімізде «Денсаулық күні» және әр түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Мектепте 4 спорттық және өнер үйірмелері жұмыс жасайды. Қыс мезгілінде балалардың таза ауада еркін дем алып, шынығулары үшін мектеп жанында шаңғы тебуге мүмкіншілік болды.

27-Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ашылуына орай ақпан айының 2-сінде 7-10 сынып оқушылардан қыздар мен ұлдар арасында шаңғы жарысы өтті. Жарыста үздік көрсеткіштер көрсеткен оқушылар:

Ұлдар арасында: 9ә сыныбынан Қостай Медет -1 орын

9а сыныбынан мақсат- 2 орын

7ә сыныбынан Занилгабиден Нұртілек -3-орын

Қыздар арасында : 8 ә сыныбынан –Шалқарова Сая -1- орын

8а сыныбынан Қабдімәлік Еркежан 2-орын

8 ә сыныбынан Түлкібаева Жалғас 3-орынды иеленіп, марапатталды.


Бәйтерек орта мектебінің 2016-2017 оқу жылында өткізілген мектепішілік іс-шаралар

 

 

 

 

Мектеп медбикесімен бірігіп, денсаулығының ақауы бар балаларды есепке алып, бақылау жасалынады.

Мектебімізде құрылған «Адал ұрпақ» клубының ұйымдастыруымен әдептілік, имандылық , адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру мақсатында аталар мен әжелермен және мектептен тыс ұйымдармен дөңгелек үстел, тәрбие сағаттары өткізілуде. Ұлдар, қыздар жиналыстарында, жиындарда сынып белсенділері, ата-аналар комитетінің мүшелері өз ойларын ортаға салып отырады.

Сыныптан тыс шаралардың әсерлі өтуіне ата-аналар көп белсенділік танытады. Қаңтар айында отбасы тәрбиесіне орай мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Бұл жиналыстарды бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.

Патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиені одан әрі оқушылардың бойына қалыптастыруда әртүрлі тақырыпта «Көңілді үзілістер» ұйымдастырылып отырды. «Болашақ бүгіннен басталады» атты 1-наурыз алғыс айту күніне орай мектепішілік радио торабы арқылы екі тілде ризашылық сезімдерін білдіріп, алғысты кімге және қалай айту керектігін үйрету мақсатында хабарлама жасалып, мектеп ұжымына және оқушыларға жаңа тілектер жолданды. Ұстаздар ризашылықтарын білдіріп, көпшілік көңілденді.

9 ақпан күні қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұрттың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Бүгін менің туған күнім!!!» атты поэзия ән-жыр кеші өтті. Ақын өмірінен суреттер мен көріністер көрсетілді.Мектепішілік «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» мәнерлеп оқудағы жеңімпаздар өлең мен әндерін ортаға салды. Олар:

1Б сынып оқушылары Шыбырайым Дина, Бақытжанқызы Зере.

1В сынып оқушысы Бердалы Береке

3Б сынып оқушысы Оразахун Диас

3Ә сынып оқушысы Сағат Жанель

4А сынып оқушысы Танқай Диас

4Б сынып оқушысы Қожабек Алина

5А сынып оқушысы Бейбітқызы Нұрай

6А сынып оқушысы Қанайбек Айзада

6Ә сынып оқушысы Жақыпжан Шұғыла

7Ә сынып оқушысы Бақытжанқызы Жанерке

8А сынып оқушысы Алдибай Салтанат

9А сынып оқушысы Қадыржан Али

2А сынып оқушысы Мұқан Асет

10А сынып оқушысы Насыроланова Аружан

9А сынып оқушысы Саятбек Шалқар

4Б сынып оқушысы Сымбат

9Ә сынып оқушылары Қабыл Дархан мен Әбдіқадыр Тасқын

5Б орыс сынып оқушылары Захарова Полина, Ахметова Дилназ,Илхамова Дильназ Мұқағали өлеңдерін өз мәнерінде айтты.Жас ақын талапкерлеріміз 7А сынып оқушысы Жандос Аяла ,9 А сынып оқушысы Қадыржан Али ақынның өлеңдерін мәнерлітебіреніп жүректен-жүрекке жеткізіп айтты.Бастауыш сыныптар арасында 1 Б сынып оқушысы Бақытжанқызы Зерені атап айтуға болады.

Мектеп оқушыларын еңбекке баулу мақсатында, яғни 1-9 сынып оқушыларының арасында «Шебер қолдар » атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге алып келген жұмыстар өте ұсақ, қағаз материалдарынан жасалған болды. Көрмеге келесі сыныптар қатысты:1а,2г, 2ә, 2в, 3а, 3б, 4б, 4в, 5а, 5б, 6б,6а, 7б

Белсенді қатысқан сыныптар:

2г-14 жұмыс 6а сынып

3а -9 жұмыс 7б сынып

3 ә-9 жұмыс 1а сынып

8 Наурыз мерекесі де жүйелі құрылған жоспар бойынша өтілді. Әр сыныпта тақырыптық тәрбие сағаттары және ата-аналармен біріккен мерекелік концерттер қойылды. Бастауыш сыныптар және орта буындар арасындағы сыныптардарда «Көктем аруы 2017» сайысы өтілді. Сайысқа 2а,ә, және 5а,6а сыныбының ару қыздары белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. 8 Наурыз мерекесіне орай Сағындықова Г өз сыныбының қыздарымен бірге сайысты өте тартымды етіп өткізсе, Акишева Т. анасы мен қызы топтасқан сайыс өткізді. Сол сияқты бірқатар сынып жетекшілер әртүрлі форматта тәрбие сағаттарын өткізді.

Наурыз мерекесіне орай жоспар құрылып, әр сыныпта Наурыз көже ішіліп, тәрбие сағаттары өткізілді. «Халық айтса, қалып айтпайды». «Атадан бота қалмасын, бата қалсын» -демекші ауыл ақсақалдарының батасын алуды жөн санадық.

 

Бәйтерек орта мектебінің 2016-2017 оқу жылында өткізілген мектепішілік іс-шаралар

 

 

 

Ауылымыздың үлкен кісілерін шақырып, қазағымыздың дәстүрінжаңғыртуда киіз үй тігіп, қазан асып ақ дастарқан жайылып наурыз көже, палау таратылды.Наурыз мейрамына мектеп ауласында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарламада оқушылармен бірге жас мамандарда белсене қатысты.Мерекені өткізуге ат салысқан әріптерімізге, мерекелік киіз үй тігуде,түрлі спорттық жарыстарды өткізудедене шынықтыру пән мұғалімдеріне, технология пәнінің мұғалімі Бектибай Айгүл апайымызға безендіру жұмыстарын атқаруда, алып кел, шауып кел, тауып кел жұмыстарын атқаруда Раматай Құрмет, Ходжаниязов Базарбай, Маратұлы Еламанға , бауырсақ пісіруде Сағындықова Г, Сегизбаева Г.,Қожабергенова Ұ. Алимкулова Ж.,Жүгербаева Базархан апайымызға,наурыз көже дайындауда Ниетбаева Айнаш, Досумбаева Гүлжамал, Нуржанова Айтыхан, Избасарова Гүлмира тағы басқа жас бастауыш сыныптағы әріптестерімізге, ыдысты дастарқанды талапқа сай етіп дайындауда Ұнақбаева Алмагүл Акашевнаға, ыдысты мұнтаздай етіп жууда Койтлесова Анарға, Воцке Ангелинаға алғысымыз шексіз.

 

Бәйтерек орта мектебінің 2016-2017 оқу жылында өткізілген мектепішілік іс-шаралар

 

 

 

 

Әсіресе, осындай мерекелі іс-шараны өткізу керектігін ұсынған мектеп басшымызға мың алғыс!

 

Бәйтерек орта мектебінің 2016-2017 оқу жылында өткізілген мектепішілік іс-шаралар

 

 

Наурыз мейрамының қалай өтілу керектігіне көз жеткізіп, оқушыларымыз саналарына сіңірді.Наурыз өз дәрежесінде тойланып, көпшіліктің көңілінен шықты.