коучинг » Бәйтерек орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Бәйтерек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2022

коучинг

5-11 сынып пән мұғалімдеріне арналған әдістемелік коучинг
Коучинг өткізген мұғалім: Қисан Арайгүл
Күні: 04.11.2021ж
Тақырыбы:
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыруда пайдаланылатын әдіс-тәсілдер”
Мақсаты:
5-11 сынып пән мұғалімдеріне сабақты қызықты әрі белсенді әдістер арқылы өтуге үйрету, олқылықпен жұмыс жасау жолдарын үйрету, ҚМЖ да олқылықпен жұмысты кіріктіру.
Оқыту нәтижесі:
5-11 сынып пән мұғалімдері олқылықпен жұмыс жасау жолдарын жетік меңгереді, оқушылардың әрекетін дұрыс ұйымдастыра алады,сабақ кезеңдеріне сай әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана алады.
Әдіс-тәсілдер:
Жеке жұмыс, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, топқа бөлуде пайдаланылатын оңай әдістер, миға шабуыл және психологиялық атмосфера құру тәсілдері.
Ресурстар мен жабдықтар:
Интербелсенді тақта, презентация, маркерлер, стикерлер, ноутбук, үлестірме қағаздар.

Коучинг барысы:
5-11 сынып пән мұғалімдеріне күнделікті ҚМЖ-да олқылықпен жұмыстың оқу мақсатын қалай кіріктіруге болатынын және тапсырмаларды қалай алуға және оны қандай әдістермен белсенді түсіндіруге болатын жолдарын көрсеттім.



ӘНХ –та көрсетілгендей білім алушылардағы олқылық тек білімдегі олқылықпен шектелмейтінін түсіндірдім және тағы қандай олқылық түрлері болатынын көрсеттім.
Бүгінгі коучинг арқылы 5-11 сынып пән мұғалімдеріне сәтті сабақ өту жолдары, түрлі тиімді әдістер арқылы олқылықпен қалай жұмыс жасауға болатынын үйреттім.
1- кезең. Сыныпта психологиялық жағымды атмосфера орнату. «СОКРАТ ШЕҢБЕРІ» арқылы әрі шаттық шеңбер құруға, әрі үй тапсырмасын сұрауға болады. «Сократ шеңбері» - өте тиімді және уақыт үнемдеуге болатын белсенді әдіс.



2 – кезең. «Миға шабуыл». Оқушылардың сабаққа зейінін шоғырландыруға өте пайдалы және сабақтың ортасында сергіту сәті ретінде алса да болады немесе ПИЗА тапсырмалары орнына қолдансақта тиімді. Оқушылардың креативті ойлау дағдыларын жетілдіреді.
«Миға шабуыл» тапсырмалары олқылықпен жұмыс жасауда да өте тиімді, себебі, ҚО кезінде оқушылардың ойлау дағдылары, ойларын еркін жеткізу яғни сөйлеу дағдылары төмендеген.


3- кезең.Үй тапсырмасын тексеру үшін «Сәлемдеме» және «Орта доп» әдістері арқылы көрсеттім, бұл әдістер арқылы әрі үй тапсырмасын сұрауға , әрі оқушыларды сергітуге және қызықты тәсіл арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға болады. Сонымен қоса, бұл тәсілдерді термин сөздерді үйретуге қолданса да өте жо,ары нәтиже береді.
4- Топқа бөлу тәсілдері. Мұғалімдерге қолайлы, қолжетімді оңай тәсілдер көрсеттім:
Сандар арқылы топқа бөлу;

Пішіндер арқылы топқа бөлу;
Түстер арқылы топқа бөлу;
Санамақ арқылы топқа бөлу, т.б.
Пән мұғалімдерін үш топқа бөлдім : түстер әдісі арқылы және түстер бойынша психологиялық мінездеме айтып өттім.
1 топ АЙФОН тобы мәтінді оқып «5-5-1» әдісі арқылы оқыған мітңннен бес сөйлем жазады, осы бес сқйлемнен маңызды бенс сөз жазады және бнс сөзден бір сөз жазады. Бұл әдіс оқу мақсатына жетуге және балалардың сыни тұрғысынан ойлауына көмектеседі.
2 топ САМСУНГ тобы мәтінді оқып «Бір минут» әдісі арқылы мәтіннен түсінгенін бір минут айтып шығады. Осы топта «ҚАЛАМ СТРАТЕГИЯСЫН» пайдаландым, себебі кейбір оқушылар белсенділік танытпай отырып қалмас үшін , сол топтағы әр оқушыдан қаламдарын алып орта қойып қойып, кез келген біреуін алдым.
3 топ НОКИЯ тобы мәтінді оқи отырып «Бұл жауабы болса, сұрағы қандай» әдісі арқылы мәтінге сұрақтар қояды.
Мен 3 топқа топтық жұмыста жас мамандар өздеріне көп тәсілдер үйренсін деп үш түрлі тәсіл алдым.

5 –кезең: «Сергіту сәті» жай ғана қимыл қозғалысқа бағытталмай балалардың ойлау дағдысын жақсартуға және олқылықпен жұмысқа бағытталуы керек екенін көрсеттім.
«СӨЗБЕН СӨЗДІ ҚИСЫНСЫЗ БАЙЛАНЫСТЫРУ ӘДІСІ»
АЮ – МАШИНА
ҚОЯН – ТҰЗ
ТЫШҚАН – КЕМЕ
ҚАНТ – ШАЛБАР
КЕСЕ – ШАНА
Осы жұп қисынсыз сөздерді пайдаланып оқушы сөйлемдер құрайды. Бұл көңілді әдіс және ойлау дағдысын жетілдіруге тиімді,сонымен қоса оқушының құраған сөйлемі арқылы оның ішкі жан дүниесін сезінуге болады. Қисынсыз сөздерді әр мұғалім өз қалауы бойынша өзгертіп қоя алады.

5- Кезең: Бекіту кезеңі KAHOOT.IT қосымшасы арқылы өткізілді. Жас мамандар қызығушылықпен көңілді әрі белсенді қатысты.
6- Кезең : рефлексияны мен telegram әлеуметтік желісі арқылы алдым. Бұның барлығы қолжетімді, тез әрі нақты. Оқушыларғада жаңа технологиялар мен әдістерді қолдану тиімді әдіс.
7- Олқылықпен жұмыста немесе сергіту сәтінде «Түстер әдісі» арқылы өткізуге болады.

Әр жолғы сабақта әр түрлі қызықты тәсілдер қолдану мұғалімді жаңашыл әрі ізденімпаз болуына жетелесе, оқушының қызығушылығын оятады. Ал сабақты белсенді өткізуге көмегі тиеді.