Бар бақыттың бастауы – балалардың қуанышы! » Бәйтерек орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
"Бәйтерек орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бар бақыттың бастауы – балалардың қуанышы!
17
июль
2017

Бар бақыттың бастауы – балалардың қуанышы!

Әне-міне дегенше, биылғы оқу жылы да аяқталып, балалардың көптен асыға күткен кезекті жазғы демалыстары да келіп жетті. Бәрінің мақсаттары бір, ол – жазғы демалыстарын көңілді өткізу. Күз мезгілі келіп, оқу жылы бастала салысымен «Менің жазғы демалысым» тақырыбындағы әңгіме, шығармаларын балалар бірі сүйікті қалаларында, енді бірі ата-әжелерінің ауылында өткізген қызықтарымен бөліскенше асығады.

Англияның ұлы ойшылы, педагог Дж.Локк айтқандай: «балажанытабиғатынынан ақтақтасияқты тап-тазаболады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны солтаза, ақ тақтаға жазуы тиіс». Сондықтан баланың қоршаған дүниені дұрыс танып ғана қоймай, оның жан-жақты дамыған, рухани жан дүниесі бай, өз елін сүйетін, жарасымды тұлға болып қалыптасуы шарт.

Жер жүзінде бүлдіршідерге қуаныш сыйлаудан асқан бақыт жоқ болар. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыстарын ұйымдастыру біздің Бәйтерек орта мектебінің де назарынан тыс қалмады. Бәйтерек орта мектебі2016-2017 оқу жылын жоспарлы түрде аяқтай салысымен өз жұмысын ары қарай балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру ісімен жалғастырды.

Оқушылардың өз елінің тарихын, мәдениетін біліп, ақпараттық құзыреттіліктерін қамтамасыз етіп ғана қоймай, рухани жан-дүниесінің байытуда алар орны зор туристік жорықтар, экскурсиялар ұйымдастырылды.

Жалпыға бірдей білім беру қорынан Есік қаласында орналасқан «Алтын Адам»туристік және «Сәлем»лагерінде,Түрген сайында орналасқан «Тау Жаңашар», Талғардағы «Тау Самал» сауықтыру лагерінде, «Маугли» туристік лагерінде, «Полиглот»тіл лагерінде балаларымыз дем алып келді.

Бар бақыттың бастауы – балалардың қуанышы!

Сонымен қатар, қамқоршысы жоқ оқушылар мен көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы және жартылай жетім оқушыларға арнап мектеп жанындағы «Күншуақ» атты лагері ұйымдастырылды. 10 ауысымнан тұратын лагерь тынысында балалар саны күннен-күнге арта түсті.

«1-маусым-Балаларды қорғау күні» мерекесінің қарсаңында «Күншуақ» лагерінің ашылуы салтанатты түрде аталып өтті. 

Салтанатты жиын барсында әр түрлі жастағы көптеген мектеп оқушылары мен ата-аналар жиналып,мерекелік бағдарламаны тамашалады.

Мектеп ауласында жүргізілген жиын барысында бүлділдіршіндер ән салып, би билеп ғана қоймай, спорттық жарыстарға белсене қатысты.

Мереке ары қарай мектеп ауласындағы тас жолдарға сурет салу шығармашылығымен жалғасты. Айтулы күн соңында белсенді қатысып, жүлделі орын алған оқушылар марапатталды. Балалардың қуанышымен бөліскен ата-аналар мектеп басшылығына өз алғыстарын білдірді.

«Күншуақ» лагері өз кезегінде жоспарлы түрде жұмыстарын түрлі бағыттарда жалғастыруда. Яғни, таңертең балалар келе салысымен таңертеңгілік сергіту жаттығуларымен, танымдық-ағартушылық бағыттардағы әр түрлі жаттығулар орындайды.

Сонымен бірге, мектебімізде өз денсаулықтары мен салауатты өмір салтын ұстануды мақсат етіп қойған мектеп оқушыларына арналған спорттық секциялар мен түрлі үйірмелер жұмыс жүргізілуде.

Биылғы жаздың ерекшелігі, ол елімізде ұйымдастырылып отырған, бүкіл әлем елдерінің тамашалауына ұсынылып отырған ЭКСПО көрмесінің ұйымдастырылуы. ЖББ қорынан 22.06.2017 жылы аз қамтылған, жетім және көп балалы отбасынан шыққан оқушылар Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне жіберілді.

Қоршаған ортасына қорғанболуды әдетіне айналдырған мектеп жасөспірімдері мектеп жанында отырғызылған гүлдер мен ағаштарға қарап, күтім жасауды да ұмытпады. Мектеп айналасын көгалдандыру мақсатында

5-8 сыныптар арасында жаздық практикалық жұмыстар жүргізілу ұйымдастырылды.

Оқушылардың бос уақытын қы­зықты өткізу, олардың денсаулы­ғын қалпына келтіру, жаңа шабыттар мен қызықты сәттер сыйлау, шығармашылық өсуіне мүмкіндік сыйлау, өзара қарым-қатынас, еңбек пен демалыс­ты ұштастыру, ойын, таным, өнер, мәдениет – бәрін тұтас қамти білу жоспарланған жазғы демалыс сәтті жалғасуда. Бар бақытын баласымен ұштастыра білген халқымыз, баласының бақыты үшін барын аямаған.

Әлемдегі барлық балаларға бақыт тіледім!

«Бәйтерек орта мектебі»

педагог-психолог:

Кемалашова Арай Егеубайқызы 
 
Лагерь "Күншуақ"